Елорда тынысы

Дәрігерлер науқастың арманын орындады

Елордада академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері бала кезінен ауырған, туа бітті остеогенезі жетілмеген, екі аяғының көп жазық деформациясы бар 25 жастағы қыз баланы аяғына тұрғызды.

Орталық дәрігерлері көптеген клиникалық талдаулар жүргізе келе, оң жамбасының остеотомиясын түзетіп, блокаторлық пластинкамен синтез жасауға, екі жіліншігінің сүйегінің остеотомиясын түзетуге, құрсаулайтын өзекшемен остеосинтездеуге шешім қабылдады. Ұзақ оңалтудан кейін ол өз аяғына тұрды. Емдеу МӘМС жүйесі аясында жүргізілді

Қызылордалық 25 жастағы науқас­тың екі аяғының ауыру тарихы бала кезінен басталады. «Өз аяғыммен жүргім келеді, көмектесіңіздерші» деп ол 2014 жылы алғаш рет елордадағы травматология және ортопедия орталығына келеді. Патологиялық сырқат салдарынан аяқтары бірнеше рет сынады. Оған консервативті ем жүргізіледі.

№2 ортопедия бөлімшесіндегі емдеуші дәрігері Әсет Нұрахметовтің айтуынша, тексеру кезінде науқас мүгедектер арбасының көмегімен қозғалатын. Фотосуретте екі жіліншіктің және оң жамбастың пішіні өрескел өзгергені – көп жазықты деформациясы, екі аяқтың бұлшық етінің гипотрофиясы байқалады.

«Науқас бала кезінен бастап туа бітті остеогенез кемістігімен, екі аяқтың көп жазықты деформациясымен ауырған. Патологиялық сырқат салдарынан аяқтары бірнеше рет сынған. Орталық дәрігерлері көптеген клиникалық талдаулар жүргізе келе, оң жамбасының остеотомиясын түзетіп, блокаторлық пластинкамен синтез жасауға, екі жіліншігінің сүйектерінің остеотомиясын түзетуге, құрсаулайтын өзекшемен остеосинтездеуге шешім қабылдады. Ұзақ оңалтудан кейін ол өз аяғына тұрды» деп түсіндірді дәрігер.

Ғылыми орталықтың басты артықшылығы – дәрігер-мамандарының жоғары біліктілігінде. Білімді, білікті дәрігерлер науқастың арманын орындап, аяққа тұруына мүмкіндік жасады.

«Білікті дәрігерлердің және МӘМС арқасында, жылдар бойы оңалтудан өтіп тұрғаннан кейін, мен қазір өз аяғыммен жүремін. Мені аяғыма тұрғызғандары үшін өмір бойы алғыс айтамын. Қазір белсенді өмір салтын ұстанамын, би билеп, тіпті сахнада ән айтамын» деп қуанышымен бөліседі 25 жастағы науқас.

Кейін ол тұрғылықты жері бойынша емханадағы травматолог дәрігердің бақылауына ауысқан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button