Қоғам

Дәстүрлі «10 жасыл күн» республикалық челленджі бастау алды

Еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын «10 жасыл күн» атты республикалық челлендж бастау алды, деп хабарлайды astana- akshamy.kz.

Аталған челлендж «Birgemiz: Taza Alem» жобасы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік жалпыұлттық қорымен «Тaza Alem» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылуда.

«10 жасыл күн» атты челлендж аясында 10 күнде 10 эко әдеттер қалыптастыру жоспарланған. Оның ішінде «Эко сөмке уақыты», «Жаяу жүріңіз», «Жалпы энергия үнемдейтін шам», «Суды үнемдеу», «Қоқыс сұрыптау» және т.б бағыттары қарастырылған.

Челлендждің негізгі мақсаты – азаматтардың экология саласына, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерлік қызметке қатысуға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ табиғаттағы тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыруға бағыттау.

Қатысушылар #10ZHASYLKÚN челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде «10 жасыл күн» аясын фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button