Дәстүрлі әнді дәріптеді
Ұлттық музейде Астана қаласындағы мектеп оқушылары (6-9 сыныптар) арасында «Шырқа, даусым» атты дәстүрлі ән байқауы өтті.
Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Бекболат Байсағатов, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, дәстүрлі әнші, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Берік Омаров қазылық етті.
Қорытындысында С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің оқушысы Аружан Атымтай Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші даусы» әнін орындап, бас жүлде иегері атанды. І орын – №26 мектеп-гимназиясының оқушысы Әнел Шаяхметоваға (Майраның әні «Майра»), ІІ орын – №56 мектеп-лицейінің оқушысы Ербатыр Архатқа (Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»), ІІІ орын – А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның оқушысы Алуа Сейілханға (Кенен Әзірбаевтің әні «Басты ән») берілді.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ