Ел тынысы

«Дәстүрлі қоржын» жобасына өтінімдер қабылдау басталды

«Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі қазақ – мәдени орталықтарын ұлттық киіммен, ұлттық музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнермен қамтамасыз ететін «Дәстүрлі қоржын» жобасына өтінімдер қабылдау басталғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қоржында қазақы құндылықтарымызды дәріптеп, ұлтқа қызмет етіп жүрген шеттегі қазақ-мәдени ұйымдарға арналған ұлттық аспаптар, сапасына сәні жарасқан ұлттық нақыштағы киімдер, кітап және басқа да бұйымдар бар.

Өтінім білдірушіге қойылатын басты талаптар:
Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары және қазақ диаспорасымен байланысты ұйымдар ( ресми тіркелген ұйымдар)өтінім білдіре алады;
«Отандастар» Қоғамының otandastarqory01@gmail.com эл.почтасына арнайы өтініш хат жазу;(өтінімде қазақ мәдени орталығына қажетті базалық материалдық құндылықтарды көрсету. Мысалы: мемлекеттік ту, домбыра, үкілі тақия т.б)

Дедлайн 22 наурызға дейін

Ақпарат ретінде: Қоғам 2023 жылы «Қоржын» жобасын іске асыру барысында 10 елдегі 26 қазақ – мәдени орталыққа 100 дана – ҚР Мемлекеттік туы, 390 дана – ұлттық киімдер және 84 дана – ұлттық саз аспабы табыстады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button