Мәдениет

Дәстүрлі жарыс өтті

Елорданың Ботаникалық саябағында әуесқой спортшылардың арасындағы дәстүрлі Astana Run жарысының 2025 жылдағы алғашқы көктемгі жүгірісі ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары тек жүгіріс дистанциясын бағындырып қана қоймай, «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, іс-шарадан кейін барлық қоқысты жинап кетті.

«2023 жылдан бастау алған Astana Run жүгірісі 4 кезеңнен тұрады, жылдың әр мезгілінде өтеді. Ал биылғы ерекшелігі – маркетинг әдісін қолданып, әр жүгіріске төрт түліктер пірінің атын беруді жөн көрдік» деді жарыс ұйымдастырушысы Төлепберген Сүйінтаев.

Ересектер 5 шақырым қашықтық бойынша 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жастан жоғары санатта жеңімпаздарды анықтаса, 3-9 жас аралығындағы балалар 400 метр, 10-17 жастағы жасөспірімдер 1 шақырымға жүгірді. Нәтижесінде осы жарыс бойынша үнемі чемпиондық атақты бермейтін Әлімжан Балтабек осы жолы тек бірінші орын алып қана қоймай, жеке рекордын да жаңартты. Ол ерлер арасында 15:59-да мәреге жетіп бірінші орынды иеленсе, екінші орынды 16:23 секундта Әкім Еркебай, ал үшінші орынды 16:45 уақытымен жеткен Мұрат Естай иеленді. Ал әйелдер бәсекесінде I орынды – Айгүл Аржаникова (19:116), II орынды – Кристина Окладникова (19:306), III орынды Оксана Брудер (20:29 минут) иеленді.

Жарыс соңында барлық қатысушыға ыстық шай беріліп, лотерея арқылы түрлі сертификат ойнатылды. Жүгіруге енді ғана қадам басқандарға жеңілдікпен массаж және спорт киімдері ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі «Astana Run Ойсылқара» жазғы жүгірісі тамыз айында өтпек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button