Қала тіршілігі

Дағдарыс орталығындағы мереке

kbb_7032

Астанадағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған Дағдарыс орталығында Отбасы күніне орай арнайы салтанатты шара өтті.

Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ белгілі әншілер, цирк және қуыршақ театрының әртістері мен мемлекеттік «Наз» би театрының бишілері қатысты.

Астана қалалық әкімдігінің «Зорлық-зомбылық салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған Дағдарыс орталығы» КММ-нің директоры Нұрбол Зұлқарнаевтың айтуынша, бүгінде мұнда 7 әйел, 16 бала тұрып жатыр екен. Оларға әлеуметтік қызметкерлер, психологтар түрлі кеңестер беріп, көмек көрсетсе, балалармен тәрбиешілер айналысады. Ашылғанына үш жыл болған орталықтан осы уақытқа дейін 329 адам пана тапқан екен. Олардың 88 пайызы отбасына қайтып оралған. Қалғандары ата-аналарына немесе өздері келген аймаққа қайтып кетеді екен. Бұрын орталықта тұрған әйелдердің қайтып оралуы тек төрт рет қана болған. Өйткені, отбасындағы бұрынғы жанжал қайта туындаса керек.

Мерекелік шарада әншілер ән салып, бишілер би билеп, сонымен қатар орталық тұрғындарына отбасы жылуы мен бақытын тіледі.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button