Басты ақпарат

ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРГЕН ДАНАГӨЙ

Қазақстан егемен ел атанып, тәуелсіз­дігін алған тұста көптеген қиыншы­­лық­ты бастан кешірді. Жетпіс жылға жуық КСРО-ның шикізаттық қоры болып кел­ген байтақ еліміздің экономикалық қау­қары қазба байлығына сай болмай шықты. Шикізатты өндірумен ғана шұғылданып келген Қазақстанның нарыққа икемсіздігі бірден байқалды. Әупірімдеген еліміз алғашқы тәй-тәй басқан тәуелсіз қада­мын­ тік­­теу үшін белгілі бір саяси-экономи­ка­лық­­ стратегияға сүйенді.

Егемендік алысымен Н.Назар­баев­­­ ұлттық экономиканың негіз­гі салаларын нарықтық қатынастарға бағыттады. Соның арқасында мемлекет ұтылмай, аз ғана жылдың ішінде өтпелі кезеңді еңсе­­ріп, 1997 жылы алғаш рет ЖІӨ өсі­мі­не ие болды. Ол 1,7 пайызға өсті. 1997 жылдан басталған өрлеу кезеңі 2006 жыл­­ға дейін үздіксіз өсу көрсеткішін көр­­се­­тіп отырды. Яғни, елдің экономика­сы дамудың даң­ғыл жолына түсіп, жылдамдығын жыл сайын үдетіп отырды. Ел ішінде ша­ғын және орта бизнес өркен жайды.­ Мемлекеттік болып саналған ірі­ кәсіпорындар жекешеленді. Ендігі бас­ты мақсат нарыққа бейімделе, оның заңдылықтарын тез игеруге бағытталды. Францияның экс-президенті Жак Ширак: «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жедел экономикалық дамуы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі жә­не­­ оның қазақстандықтардың әл-ауқа­тын жақсартуға бағыттай жүргізген саясаты­ның нәтижесі. Осы саясат пен дамуының арқасында Қазақстан Еуропаға өте танымал бола бастады» деген лебіз білдірген еді.

Елдің даму қарқыны дәл осындай өрлеу бағытындағы жүрісінен жаңылмас па еді? Егер әлемдік қаржылық дағдарысқа тап­ болмағанда. Әрине, әлемдік қаржы дағ­­да­рысы үлкен қолбайлау болды. Деген­мен,­ мемлекет басшысының дер ша­ғын­да шешім қабылдауы арқасында қаржы­­лық дағ­­да­­рыс­қа төтеп берерлік бағдар­­ла­­ма­лар жүзеге асты. Президенттің тапсырма­сы­­мен Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қар­­­жы нары­­ғын реттеу және бақылау агент­­­­­тігі­­­нің «2009-2010 жылдарға ар­­нал­­­­­­­­ған­ эко­номи­ка мен қаржы нары­ғын тұрақтандыру үшін қаржы нары­ғын реттеу және бақылау жөніндегі бірлес­кен­ әрекеттер жоспары» жасалды. Сон­­дық­­тан, Қазақстанды бұл дағдарыс көп қиындыққа ұрындыра алмады. 2007 жылдың ортасынан бастап байқалған дағдарысты еңсеру үшін онымен күрес шаралары үнемі жүргізіліп отырды.

Әлемде орын алған қаржы дағдарысы­ның басты себебі — әлемдік валюта АҚШ долларының шектен тыс көп мөлшерде шығарылуы деп баспасөз беттерінде жиі жарияланғаны жадымызда жаңғырады. Алайда, бұл дағдарыстың себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында  нақты әрі тереңінен қарастырылған. «Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге жә­не еңсеруге барлық ескі догмалар мен­ стереотиптерді қайта қарастыратын жа­ңа­ша көзқарас қажет». Н.Назарбаев ел эко­но­­микасын құлдырауға жібермей, аман-есен қиындықтан алып шықты. Бас­қа елдердің басына түскен қиын күн­­дер Қазақстанды айналып өтті. Экономи­калық өсім бәсеңсігенімен, рецессияға жол­ берілмеді.

Экономиканы қалыпқа келтіріп, өсімді қайтадан жаңғырту үшін республикалық ауқымда маңызы зор бірқатар бағдарла­ма­лар жүзеге асты. Олардың арасында ең­ басты мемлекеттік маңызға ие болған бағдарлама Индустриалды-инновациялық да­му Стратегиясы. Осы стартегияның шең­бе­рін­де «Жол картасы 2010», «Биз­нес­тің жол картасы 2020» сынды бағ­дар­ла­­ма­лар үздіксіз жұмыс істеп келе­ді.­

Әрине, жаңаша көзқарастың қалыпта­суы­­на бірталай уақыттың кететіні сөзсіз. Алайда, мұндай игі бастаманың алғашқы қадамын Қазақстан жасап та үлгерді деп айтуға болады. Оған жоғарыда атап өткен Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы дәлел. Ғылыми-технологиялық сая­сат – экономиканың тұрақты дамуының басты тетігі. Алайда, елде ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық бел­­сен­­­ді­­ліктің төмен деңгейі экономика­ны­ реформалаудағы ғылымның рөлін баға­ламау­дан туындап жатыр. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек­ қана ғылыми-техникалық және иннова­циялық прогресс арқылы ғана қол жеткі­зу­­ге болатыны бүгінгінің ақиқаты.

Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің 0,2% жұм­­­­са­­ла­ды. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш. Алай­да, Қазақстанның стратегиялық мүдде­­леріне орай, кезең-кезеңмен аталған көрсеткіш­ті ЖІӨ-нің 2% дейін көтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу көзделіп отыр.

Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіптік өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер ішінде шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сәйкесінше 2,8-3,2% және 12,0-14,0% құрап отыр. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.

Қазақстанның дағдырыстан аман-есен­ ат көлігін өткізуі көп елдердің сарап­тама­­лық жүйесіне негіз болды. Бүкіл еу­­­ра­зия­лық кеңістікте саяси транзиттің мә­­се­­­­ле­­лерін неғұрлым тиімді және жүйелі ше­шу­ тетіктері ең алғаш Қазақстан жүзеге асыр­­ды.

Қазақ елін тұрақты дамудың сара жо­лына түсірген ұлт көшбасшысының нақты қадамдарға сүйене отырып, жүзеге асырып келе жатқан экономикалық жетіс­тігі әлемді аузына қаратқан қайсар шешім­дерімен де бағалауға лайықты. Дағдарыстың өзін кәдеге жарата білген Н.Назарбаевтың көрегендігі былайғы мемлекеттерді сүйсінтіп те, мойындатып та үлгерді.

Шынар ӘБІЛДА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button