Қала мен СалаҚала тіршілігіСұхбат

ДАЙЫНДЫҚ ОЙДАҒЫДАЙ

Азимбек Баскынбаев - жеделсозЕлордада күзгі экологиялық айлық өтуде. Соның аясында жалпы қалалық сенбілік өткізу жоспарланған. Осы ретте «Астана – Тазалық» ЖШС басшысы Әзімбек БАСҚАНБАЕВПЕН тілдескен едік.

– Биыл қалалық сенбілікке тоқсан бес мыңдай адам қатысады деп жоспарлануда. Ұйымдастыру жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Дайындық толық қарқынмен жүріп жатыр. Тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлық техника түгел тексерістен өткізілді. Аудандық әкімдіктер тазалық шарасына қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, атап айтқанда, күрек, тырнауыш, қолғап, қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етеді.

– Сіздің мекемеден қанша адам қатысадықай аумақтарды тазалайсыздар?

– Игі шараға біздің мекемеден 232 адам қатысады. Сенбілік барысында қала аумағынан бірнеше мың тонна қоқыс шығарылмақ. Біз үйілген қоқыс қалдықтарын жинап, төгетін боламыз.

– Жиналған қоқысты шығаруға қанша техника жұмылдырылады?

– Жүз екі техника, соның ішінде он бес фронтальдық тиеу машиналары, отыз КамАЗ жүк көлігі пайдаланылады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button