Мәдениет

«Дала қырандары» самғайды

Астанада «Дала қыран­дары» жастар қо­ғамдық бірлестігінің алғашқы жиыны өтті. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 300 спортшы қатысып, саладағы түйткілді мәселелерді талқылады.

«Дала қырандары» – бұл жастардың қарым-қатынасы мен олардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуіне арналған жаңа алаң. Осы тұста еліміздің беделді спортшылары бірлесіп, жастар қоғамдық бірлестігін құрды. Жас ұйым негізгі бағытының бірі ретінде отандық спортты реформалау бойынша жұмысты таңдады.

Жиын барысында «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры Ербол Мырзабосынов, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2014» және «Дала қыраны» титулының иегері Мұхит Тұрсынов, ММА шебері Артем Резников, грек-рим күресінен әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев аталмыш мәселелер бойынша ой бөлісіп, саладағы кемшіліктерді де сөз етті.

Белгілі қазақстандық файтер Артем Резников жуырда Ресейде гран-при аясында жекпе-жек өткізген еді. Жиынға қатысқан ол спорт мансабында кездескен қиындықтар мен осы саладағы кемшіліктер жайлы айтып берді.

«Дала қырандарының» ал­ғашқы орталығы Астана қаласында пайдалануға беріледі. Коворкинг, жаттығу залдары, дәрісхана және кітапханалармен жабдықталған орталық жастардың жан-жақты дамып, бір топқа жұмылатын алаңына айналмақ.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button