ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Даму қарқыны тұрақты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жуырда «Хабар» телеарнасындағы  «Ұлттық мүдде» бағдарламасына сұхбат беріп, елордадағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты.

[smartslider3 slider=103]

Үлкен Талдыкөл сақталады
Елорда әкімдігі Үлкен Талдыкөл су қоймасын сақтап қалуды қолдайды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты:
– Біз бұл су қоймасын сақтауды қолдаймыз. Жалпы Үлкен Талдыкөл қала дамуының барлық кезеңіндегі сарқынды су жинағыш болып келді. Естеріңізде болса, ондағы қолқаны қабатын иіске қатысты біраз сын айтылды. Сол себепті Елбасының тапсырмасымен кәріз-тазарту құрылғылары салынды. Қазір иіс жоқ. Тазарту қондырғылары жақсы жұмыс істеп тұр. Барлық су тазартылады.
Қала әкімі Үлкен Талдыкөлдің су арнасы соңғы жылдары 5 есе түскеніне назар аударды. Бірер жыл бұрын мұнда 54 миллион текше метрден астам су сақталса, қазір оның көлемі 10 миллион текше метрге де жетпейді.
Үлкен Талдыкөлдің аумағын абаттандыру бойынша қала әкімінің өз жоспары бар.
– Біз көлдің өзі буланбағанын қалаймыз. Ондағы батпақ тұзды болғандықтан, бұталар өспейді. Сонда да ол жерге рекреациялық аймақ құрғымыз келеді. Кездескен қиындықтарға қарамастан біздің мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Қаланың экологиясы үшін су толтырып, Үлкен Талдыкөлді сақтап қалуымыз керек. Жағасында жаяу жүргіншілер жолдары мен жасыл желектер болуы тиіс, – деді Алтай Көлгінов.
Алдағы уақытта экология талаптарына сәйкес қала аумағындағы қалған су қоймалары да қалпына келтіріледі. Қала әкімі бұл жұмыстардың барлығын ақылмен дұрыс жасалуы керектігін атап өтті.
 2 жылда елорда толығымен газдандырылады
Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жұмыстары 2023 жылы толық аяқталады. Қазірдің өзінде аумағында жалпы ұзындығы 645 шақырым болатын газ құбыры тартылған. Елорданың Алматы және Сарыарқа аудандарындағы «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарының 150 мыңдай тұрғыны «көгілдір отынның» қызығын көруде. Қала әкімінің айтуынша, қазір газ құбырын әрбір үйге жеткізу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.
– Қазір тұрғын алаптарды газбен қамту үшін инженерлік желілер тартылып жатыр. Біз тұрғындардың газға қолжетімділігін қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар «көгілдір отынға» әрбір үйдің қосылуына күш саламыз. Бүгінге дейін бір ғана Сарыарқа ауданында 500-ден астам абонент газға қосылды. Олардың ризашылығында шек жоқ, – деді Алтай Көлгінов.

[smartslider3 slider=104]

Қамданған қапы қалмайды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада көмір қоры жеткілікті екенін айтты. Жалпы шаһарда жылыту маусымына ерте қам жасалады.
– Көмір қоры жеткілікті. Қысқа дайындық ауқымды жұмыстардан тұрады. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, келесі жылыту маусымына дайындықты біз ағымдағы жылыту маусымы аяқталған сәттен кірісеміз. Осы аралықта жылу-электр стансаларын жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Осы техникалық жұмыстар қаланың тыныс-тіршілігін тоқтаусыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді қала әкімі.
Қала әкімі тұрғын үй құрылысы қарқынының артуымен жылыту нысандарын салу қажеттілігі туындағанын жеткізді. Тек биылдың өзінде жалпы көлемі 3,2 миллион текше метр болатын тұрғын үй пайдалануға беріледі.
– «Тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Салынып жатқан, пайдалануға берілген тұрғын үйлерде жылу берумен мәселе болмас үшін біз №3 жылу-электр орталығын іске қосуымыз керек. Жаңа орталықтың іске қосылуы арқылы жаңа нысандарды жылумен қамтамасыз ете аламыз. Газдандыру арқылы Үлкен Талдыкөл, «Жағалау» және жаңа теміржол бекеті аумағында газбен жылытылатын қазандықтар пайдалануға беріледі. Келесі жылыту мөлшерінде біз жылу мөлшерін 1000 Гкал-ға дейін арттыра аламыз. 2024 жылға қарай бұл мөлшер 1500 Гкал-ға жетеді, – дейді Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button