Басты ақпарат

ДАМУДЫ ЖЕДЕЛДЕТЕР ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағ­дар­ламасы ұзақ мерзімге белгіленген. Ол Ор­та Азиялық барыстың бұлқынысын сая­­­си-экономикалық ұстанымдарына негіз­дей отырып, жүзеге кезең-кезеңімен асырылып келеді. Қазақстанның тәуелсіз­­дік алған жылдар ішінде жеткен табыстары аз емес. Солардың дені осы бағдарламаның жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен байланысты.

Жалпы бағдарлама қамтыған көптеген салалар өлі нүктеден жылжып, қарқын ала бастады. Оның ішінде, әрине, баса айтатын салалар бар. Мәселен, ұлттық қауіпсіздік. Шекаралық тұтастық егемен ел үшін аса маңызды. Соны сақтай отырып мемлекетіміз өз тәуелсіздігін дүние жүзі елдеріне жариялап, егемен ел ретінде терезесін өзгелермен теңестірді.

Ел ішіндегі тұрақтылықтың зор мәнге ие болуы да түсінікті. Саяси тұрақтылық экономикалық алғышарттардың жүзеге асуына бірден бір кепіл. Көпұлтты Қазақ­станның ынтымағын сақтап, бірлігін күн сайын күшейтуі ел дамуына қосып жатқан орасан ықпалы деп бағалаған дұрыс. Осы сала бойынша ел ішінде түрлі діни конфессиялардың басын қосқан талай шаралар өтіп жатқанын көз көріп, құлақ естуде. Халықтар ынтымақтастығын одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Дамудың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бір­­лік­тің өнегелі үлгісі ға­лам­­­шар­да­ғы мем­­­ле­кет басшылары мен кон­фессия же­тек­ші­ле­рі­нен лайықты ба­ға­сын алып ке­леді. Бірлігімен танылған Қа­зақ­­станға Еуро­­падағы қауіпсіздік және ын­ты­мақ­тас­тық ұйымына төрағалық ету мәртебелі мис­­сиясы сеніп тапсырылды.

Экономиканының арбасын дөңгелету үшін оған тиелген инвестициялық теңнің маңызына ерекше екпін түсіріліп отыр. Инвестицияның салмағы артқан сайын, арбаның да жүрісі жеңілдей бермек. Сон­дық­тан ел ішінде инвестициялық жағымды кли­­мат орнату – экономиканы дұрыс жол­­­­­­ға са­лу­­дың бір­ден бір­ тетігі ретінде б­а­­­ға­­лан­ды.

Шикізатқа бай елміз. Қазба байлығымыз­дың да саны кемшін түсіп жатқан жоқ. Энер­ге­тикалық ресурстарды, оның ішінде ең басты кен көздері – мұнай мен газды өн­­діру, оны ел игілігіне жарату тоқтаусыз жүріп жатыр. Ядролық отын өндіріп, оны экспорттаудан әлем мемлекеттерінің көшін бастады. «Халықтық IPO» бағдарламасы арқылы көпшілік қауымды осындай ен байлықтың иесі болуға тарту жүзеге аса бастады.

Транзиттік маңызы зор көлік жолдары салынып жатыр. Жібек жолын жаңғырту қолға алынды. Соның арқасында «Жол картасы» бойынша бес облыстың халқы жұмыспен қамтылды. Бұл да экономикалық ұтымды шешімнің бірі еді.

Дегенмен, дамудың басты қозғаушы күші – адам капиталы екені де рас. Қазақ­стан білікті мамандар даярлау ісінде де талапты күшейте бастады. Шетелден бі­лім алған жастар легі толассыз көбейіп жа­тыр. «Болашақ» степендиаттарының қа­­­­та­ры молығу үстінде. Мақсатшыл халық өкіл­дері алған білімдерінің нәтижесін іс жүзінде мемлекет кәдесіне жаратуы – ең бас­ты қоғам капиталы саналатыны бүгінгі күннің ақиқаты. Осы тарапта Президент әкімшілігі жанынан білікті қызметшілер корпусын құру қажеттілігі алға тартыл­ды. Оның бастамашысы Елбасы өзі болды. «Біз­дің стратегиялық міндетіміз – мем­ле­кеттік басқарушылардың жаңа генерациясын жасау. Олар кәсіби дайындықтары мықты, білімді, жаңаша ойлайтын және елдің мүддесі үшін адал еңбек ететін, еш­қан­­дай мүдделермен байланыспаған таза адамдар болуы керек» деген Президент сө­­зі­нен кейін арнайы кадрлық корпус жа­­са­қ­­­тала бастады.

Жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы ау­­қымды қуатынан айырылды. Қазақстан дағдарысқа алдын ала дайындалғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалық­ты ауырға соққан жоқ.

Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қытай, Үнді­с­тан және өзге де экономикасы қа­­рыш­­тап­ алға басқан мемлекеттер қа­та­рын­да даму­дың жоғары деңгейін бағындыра бастадық. Өтпелі кезеңнен аман-есен өтіп, өзінің жа­­сам­­паз­дық қуатымен дүние жүзіне та­ны­­лып үлгерген Қазақстан әлем елдерін өз жетістіктерімен таң қалдырып отыр. Әлемді дағдарыс шарпып, күйзеліп тұрған сәтте елдің аграралық саласы қара үзіп, әлем елдері арасында жоғары бағаланды. 2009 жылы ел тарихында болмаған шамада, яғни тура айтқанда 22 миллион тонна ас­тық жиналды. 2009 жылы бүкіләлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, ЖІӨ 1,1 пайызға, ал жұмыссыздық 6,2 пайызды құ­раған. Өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызға төмендеп, жұмыспен қамтуда ілгерілеу орын алып жатқаны айқындалды. «Қазақстан – 2030» стратегиялық да­му бағ­­дарламасы қабылданған кезде қазына­сында дымы жоқ Ұлттық қор қазірде 50­ мил­­­лиард­ доллардан астам алтын-валю­та­лық байлыққа кенеліп тұр. Бұл да елдің же­тіс­тігі.

Көпвекторлы саясаттың жеткізген та­быс­тары да толайым. Н.Назарбаевтың жан-жақты қарым-қатынас орнатутының арқасында араб елдерімен, Азия мемлекет­те­рімен жағымды экономикалық-саяси ах­уал қа­лып­тасты. Жа­по­ния, Оң­түс­тік Ко­­­рея­ бас­таған Оңтүстік Шығыс Азия жә­­­­не Тынық мұхиты аймағының елдерімен эко­­­номикалық байланыс қарқынды даму сатысына көтерілді. Транс-Сібір теміржол торабы іске қосылып, Қытай мен Батыс Еуропа елдеріне транзиттік дәліз ашылды. Каспий теңізі арқылы Таяу Шығыс пен Еуроодақ елдеріне жүк жөнелту мүмкіндігі артты. Қазақстан жаһандық үдерістерге мей­лінше белсенді түрде араласып келеді. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЕурАзЭқ секілді халықаралық және аймақтық маңызы зор ұйымдардың қызметіне тікелей араласа бастады. Олардың белсенді қатысушысына айналды.
Энергетика саласының ірі жетістіктері ел­ге қызмет етпек. Экспорт ауқымы ұл­ға­йып, сапалы металл үлесі артады деп бол­жануда. Еңбек өнімділігін еселейтін ауыл шаруашылығының ұқсатушы кәсі­по­­рын­­дары көбеймек. Денсаулық сақтау саласында күрт өзгерістер орын алып, отан­­дық өнімдер көбірек өндіріліп, фармацев­тиканың бағы жанады деп күтілуде. Ұлттық қордағы қазына бүгінгі елулік деңгейін тоқсанға асырады деп жобаланған. 90 миллиард долларға теңеседі дейтін алтын-валюта қоры ел ырыздығын дәлелдейтін болады. Бұл халқымыз 2020 жылға дейін бар қиындықты артқа салып, ұдайы дамудың арқасында еуропалық елдердің алдыңғы қатарлы тұрмыстық жағдайына қол жет­кізеді деген сөз. Бәсекеге қабілеттілік ар­тып, интеллектуалдық сапа бағалана түседі дегенді айқындайды.

Шынар ӘБІЛДА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button