Елорда тынысы

Damumed қосымшасын енгізу жоспарлануда

Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің бас әскери-клиникалық госпиталінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Damumed медициналық ақпараттық жүйесін тестілеу барысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол цифрлық трансформация медицина қызметкерлеріне пациенттерді қабылдаудан шығаруға дейін диагностикалау, емдеу және сүйемелдеу процестерін жеңілдететінін атап өтті.

– Жалпы нәтижелер қанағаттандырады. Біздің басты мақсатымыз – емделген пациенттердің санында емес, аурудың алдын алуда. Бұл жағдайда электронды жүйенің көмегі көп. Соның арқасында белгілі бір науқастар бойынша пациент санын талдауға, олардың динамикасын бақылауға және профилактикалық жұмысты түзетуге болады, – деп нақтылады Дархан Ахмедиев.

Әзірлеуші компанияның басшысы “ДАМУ” Ақпараттық технологиялар орталығының басқарма төрағасы Талғат Елемановтың айтуынша, Damumed қосымшасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен біріктірілген және 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Онда дәрігерлердің тағайындаулары, тексеруге жолдамалар, зертханалық зерттеулер деректері, компьютерлік томография және рентген нәтижелері жазылады.

Электрондық формат медициналық кітаптарды пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мобильді қосымшаның көмегімен пациенттер дәрігердің қабылдауына өз бетінше жазыла алады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Қорғаныс министрлігі “ДАМУ” ақпараттық технологиялар орталығымен меморандумға қол қойған болатын. Бұл Астана мен Алматының әскери госпитальдарына Damumed ақпараттық ресурсына пилоттық режимде қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Damumed жүйесін сәтті тестілеуден және жобаны қаржыландыру мәселесін шешкеннен кейін қорғаныс ведомствосы тіркелген контингенттің денсаулығы туралы деректерді тіркеудің электрондық форматына көшіреді. Қазақстанның әскери госпитальдары мен лазареттерінде қосымшаны толыққанды іске қосу 2025 жылға жоспарланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button