Қоғам

Даму жолында бірігейік

 Қазақстан халқы кезекті рет Республика күнін атап өтпек. Қазақ елі сырттан түрлі жолмен келген этностарды кеудесінен итермей, бауырына басты, бір тілім наны болса да бөліп берді, үйінің бір бұрышынан баспана ұсынды.

Содан бері қаншама уақыт, бірнеше кезең өтті. Алайда біздің мемлекетімізде Конституцияға сай және халық арасында да елдегі барлық адамдарға бірдей мүмкіндіктер беріліп келеді. Қандай қызметке орналасамын десе де, қай мінберден сөйлеймін десе де ұлты мен жынысына, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлығына бірдей теңдік берілген. Сондықтан да Қазақстан бізді қоршаған мемлекеттер арасында демократияның оазисі ретінде ерекшеленеді. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу арқылы Отанымызда әрқашан тыныштық пен қоғамдық келісім салтанат құруына ықпал ету – басты міндетіміз. Бәрімізге пана болған қазақ жерін көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің тұрақты дамуы жолында еңбек ете берейік!

Салман Героев,

Астана қаласы «Вайнах» этноұлттық орталығының төрағасы, ҚХА мүшесі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button