Тәуелсіздікке 30 жыл

Даңқты ел – Тәуелсіз Қазақстан

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесін алғанына 30 жылдық дүбірлі мерекесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жылдық атаулы мерейлі кезеңіне тұспа-тұс келген шақта қазынашылық жүйесінің қол жеткізген орасан зор жетістіктері мен бағындырған биік белестері ерекше.

[smartslider3 slider=1429]

Елордалық Қазынашылық департаменті кірістер мен шығыстар бойынша бюджетті кассалық атқаруды іске асырады, бюджеттік құралдарды мақсатты пайдалану үшін оларға жүктелген функцияларға сәйкесті ақша ағыны қозғалысын оңтайландырады, бюджеттік құралдарды үйлестіруді және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бюджеттік заңнаманы әзірлеуге қатысады және оның орындалуын бақылайды.

Қазынашылық – Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына әсер ететін мемлекеттік қаржыны тиімді және орнықты басқаруға жауап беретін еліміздің бюджеттік жүйесіндегі маңызды буыны. Осыған сәйкесті бұл қызмет бастапқыда-ақ әрбір басқару саласында кірістер мен шығыстардың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған. Бұл өз кезегінде жалпыға бірдей танылған бухгалтерлік есеп, кірістер мен шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, барлық мемлекеттік органдарды қажетті ақшалай қаражатпен қамтамасыз етудегі бірқалыпты қазынашылық нормалар мен стандарттар тұрғысынан алып қарағанда өте маңызды қызмет саласы. Қазынашылықтың ақпараттық жүйесі тұрақты әрі үнемі жетілдірілу үстінде.

Бүгінде қазынашылық жүйесі қызметінің мәні мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік сатып алу шоты қашықтық режимде сұраныс­тары мен бюджетті атқару және қандай да операцияларды өткізу бойынша есептерді жасауында. Жұмыс қазынашылық жүйесін пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орнының көмегімен құжаттарды қабылдап-тапсыру, толтыру және бақылау мемлекеттік органдардың орындаушылары арасында тікелей байланысты болдырмай жүргізіледі, сонымен бірге қазынашылық қызметкерлері арасында өңделген құжаттарды жүйемен тарату автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады. Бұл бір жағынан құжаттарды өңдеу процесін тездетуге, екінші жағынан жемқорлықты болдырмауға мол септігін тигізеді.

Елбасымыз жемқорлықтың қоғам өмірінде, әсіресе моральдық-этикалық ахуалға жағымсыз әсер ететіндіктен, барынша қабылдауға келмейтін жағдайлар тудыру қажеттігі жөнінде міндеттерді атап өткен болатын.

Жемқорлыққа қарсы күрес негізгі басымдылық ретінде қазынашылық органдарының жұмысында ерекше көрініс табуда.

Осының дәлелі ретінде жемқорлыққа қарсы күресте айқындаушы рөл атқаратын мемлекеттік мекемелердегі, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік сатып алу шоты қаржылық құжаттардың ашық және есептілікпен өтетін адами факторды барынша қатыстырмай, сапалы әрі уақытылы ақпарат алмасу үшін қорғалатын электрондық құжат айналым «қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі жобасының енгізілуін атап өтуге болады.

Негізі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда барлық мемлекеттік органдарда жемқорлықпен күрес жұмыс бағытының негізгі басымдылығы болып табылатын жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мақсатты, жоспарға сай, жүйелік шаралар қабылдануда.

 ­Ж.НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Нұр-Сұлтан қаласы ­бойынша Қазынашылық департаменті

әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button