Шаһар шежіресі
Даңқы қалған фабрика

Мына көрініс 1977 жылы Мәншүк Мәметова атындағы Целиноград тігін фабрикасы комсомол-жастар цехының жұмыс сәтінен түсірілген.
[smartslider3 slider=3059]
Коммунистік еңбек екпіндісі қыздар бригадасы өнімді сапа белгісімен тігуде. Цехта екі ауысымда 48 қыз-келіншек жұмыс істеген. Олардың көбі сол кезде өз заманына сай социалистік міндеттеме алып, балалар киімі мен әйелдердің көйлегін тіккен. Әрі өнімнің айтарлықтай бөлігі экспортқа шығарылып отырған.
[smartslider3 slider=3060]
Тігін фабрикасы Мәншүк Мәметова есімін 1975 жылы алған. Ол кездегі директоры Копылова Мира Ивановна деген адам болған.
Кейін Кеңес Одағы ыдырай бастағанда, фабриканың жұмысы толығымен тоқтап қалды.
Қазір бұл ғимаратта түрлі мекемелер орналасқан