Жаңалықтар

ДӘРІ ТАҢДАУҒА ДА САУАТТЫЛЫҚ КЕРЕК

Дәрілік ақпараттық-талдау орталығы халыққа дәрі-дәрмек пен кепіл­дендірілген тегін медициналық көмекке қатысты нақты ақпарат беруге тиіс. Қазіргі кезде осы орталықтың базасында жеті мыңға тарта дәрі бар екен. Оны қалай және қандай жағдайда пайдалануға болатындығын орталық басшысы Баян Молдахметова айтып береді.– Науқас адамдар емхана­лар­ды өз­дері таңдау мүмкін­дігі бар дегенге не а­йтасыз?
– Кейінгі кезде, шындығын­да да, сыр­қаттар емханаларды өздері еркін таңдап, сонда барып ем ала алады. Алайда, ау­мақ­тық бөлініске негіз­дел­ген­­діктен, егер науқас­тың таң­да­ған емханасы тұрғы­лық­ты мекен-жайынан қашық болса, онда дәрігерді үйге шақырт­қан кезде қиын­дықтар туын­дауы мүмкін. Дегенмен, ен­ді қала­ның әр тұрғыны 15 қыр­күйек­тен 15 қа­рашаға дейін қала­дағы кез келген емханаға тір­келе алады.
– Тегін дәрі-дәрмек кім­дерге беріледі?
– Тегін дәріні белгілі бір сыр­қатпен ауыратын адамдар тұр­ғылықты жеріндегі ем­ханада диспансерлік есепте тұрса ғана ала алады. Ал есеп­­ке тұру үшін нау­қас адам ем­деуші дәрігеріне ба­рып, тек­серілуі қажет. Тағы бір атап ай­тарлығы, 2012 жыл­дың қаң­тарынан бастап тегін бе­рілетін дәрілердің саны кө­бей­­генімен, ол барлық ауру­лар­ға бірдей беріле бер­мейді. Амбу­­ла­ториялық тегін меди­цина­лық көмектің кепіл­денді­рілген ауқымына дәрілерді енгі­зу туралы шешімді кәсіби маман­­дары бар арнаулы комиссия шыға­рады. Дәрі науқасқа тегін беріл­ген күннің өзінде ем­деуші дәрігер жасалған ем­нің тиім­ділігіне көз жеткізуі қажет. Содан соң оның берілу мер­­зімі ұзар­­тылады. Әрі дәріге шек қойылмайды. Науқастың ем­делуі үшін қанша дәрі керек бол­са, сонша дәрі тегін жазылып беріледі.
-Дәріханаларда дәрінің ба­ғасы әр қилы болатыны несі?
– Өйткені, қазір дәріхана­лардың барлығы жекеменшік­те. Сондықтан әрбір дәріхана өзінің бағасын қояды. Айтарымыз, егер емделуші белгілі бір дәріге үйреніп, соның денсау­лы­­ғын жақсартуға әсерін бай­­қа­ған болса, оның қай дәріхана­да арзан сатылатынын те­ле­фон ар­қылы біле алады. Екінші бір жайт, дәрілерде с­ауда а­тауы ірі әріптермен жазы­лады да, оның астында ұсақ әріп­термен ха­лық­аралық патент алған атауы көрсетіледі. Ай­тайын деге­­­нім, науқ­астың осы сауда атауын­­­дағы басқа ар­зандау дәрі түр­­лерін де пай­да­лануға мүм­­кін­­дігі бар. Олар­дың да дауа­сы бірдей болады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, абзалы, дәріге үйір болмай, есесіне таза ауада көбірек серуендеп, спортпен айналысудың, денені сергітудің пайдасы мол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button