Мәдениет

Дәрігер мерейін тасытты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның ақ халатты абзал жандарға арналған «Дәрігер мерейі» атты концерт өтті. Концертке Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен елорда әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты.

[smartslider3 slider=464]

Кеште симфониялық оркестр (дирижері – Ернар Нұртазин), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Сүндет Байғожин, Лұқпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Достар» балалар хоры, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған ынталандыру шаралары қабылданды. Қазір дәрігерлердің жалақысын кезең-
кезеңмен көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Осы жазда елорданың сол жағалауында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа қоғамдық кеңістік – Дәрігерлер аллеясы ашылды. Оның аумағы 11 га құрайды. Аллея елорданың Есіл ауданында – Сығанақ, Түркістан, Ақмешіт және Алматы көшелерінің бойында орналасқан. Оның аумағына індетке қарсы күресте зор үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арнап «Алтын жүрек» ескерткіші тұрғызылды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button