Қала мен Сала

Дәрігерге алдын ала жазылыңыз!

Қала емханаларына медициналық көмек алу үшін келген адамдар алдымен нені білу керек? Әсіресе, белгілі ауру бойынша қабылдау жүргізетін маманның кеңесін алу үшін қанша уақыт күту керек және неліктен емханаларда ұзын-сонар кезек пайда болады? Осы мәселеге орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №4 емхананың медициналық көмек көрсету сапасын бақылау қызметінің басшысы Гүлнар ӘЗІМЖАНОВА айтып берді.

[smartslider3 slider=2618]

– Әлемдік денсаулық сақтау саласы жоспарлы түрде жұмыс істеуге көшіп жатыр. Сондықтан дәрігерлер алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Сол сияқты төтенше жағдайларда ғана дәрігердің қабылдауына жазылмай-ақ баруға болады. Консультациялық-диагностикалық қызметті 10 күнге дейін күту – қалыпты жағдай.

Қазір COVID-19 індеті азайған кезде емханамызда аясы тар маманның қабылдауына кіру үшін 3-4 күн, ал кейбір дәрігерлерді 8-9 күн күту керек. Ең ұзақ күту – 10 күн, өйткені жалғыз ғана онкологымыз бар. Қазір екінші онколог іздеп жатырмыз. Онкологтарды табу өте қиын. Пациенттер алдын ала жазылу бойынша келген болса да, емханада кезекке тұрып жатады. Мұндай жағдай әдетте кезексіз, шұғыл жағдайда қабылдау болған күндері туындап жатады.

Сондай-ақ егер дәрігер өзге учаскелердегі науқастарды қабылдаса немесе белгілі бір себептерге байланысты жұмысында жоқ аясы тар маманға жазылғанда болады. Егер учаскелік дәрігер денсаулығына байланысты жұмысында болмаса, онда көрші учаскенің дәрігері қабылдайды. Мобильді қосымшада басқа дәрігердің қабылдауына жазылу қолжетімді екені көрсетіледі. Егер науқас дәрігерге алдын ала жазылып, оның жұмысында жоқ екенін білмесе, бөлім меңгерушісіне жүгінуі қажет. Сонымен қатар тіркеу бөлімінің қызметкерлері учаскелік дәрігерге тіркелу кезінде көмек көрсетеді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button