Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР КӨМЕГІ – ДӘТКЕ ҚУАТ

№1 қалалық емхананың балалар бөлімшесінде мүгедектер күніне орай мерекелік шара өтті. Денсаулық сақтау мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шараға мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер ата-аналарымен қатысты.

Шарада қалалық емхананың бас дәрігері Күлжан Анасова сөз сөйлеп, мүгедектердің де біздің қоғамның толыққанды мүшесі екенін айтты. «Оларға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, қолдау білдіріліп жатқаны бізді қуантады. Осы орайда, емхана ұжымы өз көмегін көрсетіп, қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлауды бір міндет деп білді. Осындай игі шаралар бұдан кейін де жалғасын табатын болады» деді ол.
Кеште балалар түрлі-түсті бояумен суреттер салып, көпшіліктің бағалауына ұсынды. Олар, негізінен, табиғат көріністерін, ойын үстіндегі балаларды, қыс қызықтарын бейнелеген.
Жарымжан болса да, өнерден кенде емес балақайлар ән айтты, би билейді, өлең-жырларын оқыды. Әсіресе, Медина Асылбектің, Дәрігүл Серікованың, Алтынай Жетпістің, Таңғал Төкенованың, Жаннұр Жолдас­бекованың өнерлері қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Ұйым­дастырушылар тарапынан мүгедек жеткіншектерге сый-сияпат берілді.

Шахназ АСХАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button