Елорда тынысы

Дәрігерлер жалақысы өсті

Елордадағы №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасы өткен жылды жақсы жетістіктермен аяқтады. Медициналық жабдықтары жаңартылып, ЛОР-бөлімше мен хирургияға моторлық жүйе алынды. Соның арқасында былтыр клиникада 10 488 ота жасалды, оның ішінде 500-і – күрделі оталар. Сөйтіп жасалған оталар саны алдыңғы жылға қарағанда 14,5 пайызға артты. Емдеу мекемесінің өзге де табысы туралы аурухана директоры Гүлнар Кулушева баяндады.

[smartslider3 slider=2121]

– Біздің тағы бір жетістігіміз – медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуі. Олардың біліктілігін арттыруға да бөлек көңіл бөлінеді. Былтыр жыл бойына Ресей, Түркия және Израильден келген әріптестермен бірге 13 халықаралық шеберлік кластарын өткіздік. Клиника мамандары жергілікті әкімдік бюджеті есебінен шетелге барып білім алды. Сонымен қатар аурухана дәрігерлері медицина ғылымының дамуына да үлес қосуда. Былтыр біздің дәрігерлер 20-дан астам ғылыми еңбек дайындады. Мақтаныш ететін тағы бір саламыз – қайырымдылық. Клиника қызметкерлерінің күшімен жыл бойына «спино бифидо» диагнозы бойынша бірнеше рет тегін консультативтік-диагностикалық кеңес берілді, – деді аурухана директоры. Қала әкімінің қолдауымен былтыр ауруханаға КТ және МРТ алынды. Бұлар – балаларға шұғыл көмек көрсетуде қажет жабдықтардың бірі.

Ауруханада күн сайын 20 жоспарлы және 15 шұғыл ота жасалады. Әрқайсысы қарапайым емес, өзінше күрделі оталар. Былтыр сәуірде құрамында ортопедтер, хирургтер және анестезиологтар бар мультидисциплинарлы команда 6 жастағы Томириске ота жасады, оның диагнозы Протея синдромы, яғни екі аяғының басы тым үлкен болып өсіп кеткен. Әлемде мұндай аурудың 200-ге жуық жағдайы кездеседі. Елорда дәрігерлері осындай сирек ауруға күрделі бірегей отаны сәтті жасады. Қыркүйекте бір қыздың асқазанынан 57 майда магниттер алу отасы жасалды.

Алайда өкінішке қарай, жас мамандар дайындауға көңіл бөлініп жатса да, әлі де бұрынғыдай реаниматолог, анестезиолог, аллерголог, гематолог, педиатр, эндокринолог мамандар жетіспейді.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button