Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ДАУАЛЫ ДӘРІСІ

дыхательные пути

Дүниежүзілік созылмалы асқынған өкпе ауруларымен күрес күні Астана қаласындағы №1 қалалық ауруханада «Тым кеш емес» атты акция ұйымдастырылды.

Сол күні елордадағы белгілі дәрігер-пульмонологтар Астана медицина университетінің пульмонология ка­федрасы профессорларымен және до­центтерімен бірлесе отырып, науқастар үшін тегін кеңес беріп, дәріс оқыды. Осыған орай тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулар тобын біріктіретін асқынған өкпе ауруы жөнінде кеңес алуға және дәрісті тыңдауға қызығушылар №1 қалалық ауруханаға ағылды. Олардың арасында № 5, №4 және № 9 қалалық емханаға қарайтын тұрғындар көп болды.
Қала тұрғыны Қайролла Серікбаевпен тілдескенімізде, ол тыныс жолдары ауруымен он жылдан астам уақыттан бері арпаласып келе жатқанын айтты. «Осы шараға қатысуымыздың өзі тегін ұйымдастырылыпты. Тыныс алу жолдарында кемістігі бар біз секілді адамдарға арнайы уақыт бөліп, осындай шара өткізіп жатқан жандарға айтар алғысымыз шексіз. Бүгін тегін кеңес алып, дәрістер тыңдадық. Дәрігерлер де шетінен жұмыстарына адал, білікті мамандар екен. Акцияны ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет!».
Созылмалы өкпе ауруынан көз жұму­шылар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз аталмыш ауру бойынша өлім көрсеткішінен төртінші орында тұрған көрінеді. Оған денсаулыққа дер кезінде көңіл бөлмеу себеп болып отырғанын айтқан сала мамандары
жағдай осы бетімен кете берсе, Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
болжамы бойынша, 2020 жылға қарай біз әлгі ауру салдарынан өлім-жітімге ұшыраудан үшінші орынға шығуымыз әбден мүмкін екенін ескертті.
Акцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсат та осы ауруды асқындырып алмай, дер кезінде емделудің нәтижелі екенін науқастарға ескертіп, көпшілікке жеткізу еді. Осылайша, акцияға қа­ты­сушылар тегін консультациялар алумен бірге темекіге тәуелділіктен қалай арылуға болатынын, денсаулыққа зиянды басқа да әдеттерден бойды аулақ ұстаудың жолдарын үйренуге мүмкіндіктер алды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button