Жаңалықтар

Дәрiптеуге лайық дәстүр


Наурыз мейрамы науқаншылдықтан арылып келедi. Бүгiнде ұлттық модернизация Наурыз тойына жаңаша леп бергендей. Олай дейтiн себебiмiз, Әз-Наурыз әр үйде, әр ауылда, әр көшеде, тiптi балабақша, мектеп және жоғарғы оқу орындарында айтулы деңгейде аталуда.
«Ислам дiнi тудырған рәсiм» деп, Кеңес үкiметi 1926 жылы Наурызды тойлауға тиым салған.
Алайда, 63 жылдан соң, 1989 жылы ұлттық мереке қайтадан мемлекетке ендi.
63 жыл – бiр адамның ғұмыры. Тiптi, кейбiр ұлттарда халықтың орташа жасы болып саналады. Соған қарағанда, бұл күндi көрмей кеткендердiң де барын бағамдасақ, Наурыз мейрамын дүбiрлете тойлауды дәстүрге айналдыра бiлген бүгiнгi ұрпақ бақытты.
Жарты ғасырдан астам уақыт ұмытыла бастаған Наурызды қайта жаңғыртуды алғаш қолға алған қоғам қайраткерлерiнiң еңбегi айтуға тұрарлық.
Мәселен, «Лениншiл жас» газетiн басқарған Сейдахмет Бердiқұлов 22 наурыз күнi газеттiң мерекелiк санын шығаруды жыл сайын ұйым-дастырған. Одан кейiн 1986 жылы осы басылымға келген Уалихан Қа-лижан бұл үрдiстi жалғастыра бiлдi. Екi жылдан кейiн Наурыз мейрамы қарсаңында Мұхтар Шахановтың «Тамырыңды терең жiбер» деген сұхбаты жарық көрдi. Айтайын дегенiмiз, сол сұхбатта: «Республика жастарына, жастарға ғана емес, аға буын өкiлдерiне, ауыл ақсақалдарына, жергiлiктi партия, кеңес, шаруашылық басшыларына мынадай ұсынысым бар: Жыл сайын март айында Наурыз мейрамын өткiзiп отырайық. Сол күнi бәрiмiз өзiмiз тұратын елдi мекендерде, қалаларда, ауылдарда ағаш отырғызайық. Сол күнi әрбiр адам көктемгi көңiл күймен жаңару, жақсару лебiн сезiн-се… » деп айтылған едi. Осылайша Наурызды көгалдандыру идеясына ұштастырып, бұл идея артынша С.Мәуленов, С.Шәймерденов, С.Елубаев, С.Асылбеков, Ұ.Есдәу-летовтердiң үлкен қолдауына ие болған.
Ислам дiнiнiң қалдығы деп қараған Әз-Наурызға кейiн Колбиннiң өзi «та-маша дәстүр» екен деп таңдай қақты.
Тәуелсiздiк алғалы Әз-Наурыз жылдан-жылға жаңаша дәстүрмен, жаңаша қарқынмен жасарып келедi. Сөнгенiмiз жанып, өшкенiмiз тiрiлдi деген осы шығар…

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button