БілімЖаңалықтар

Дарындарға жол ашқан

21-22 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

[smartslider3 slider=420]

Тәрбиелік мәні зор атаулы шараның ұйымдастырушысы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы. Конференцияның мақсаты – ресейлік және республикалық мұғалімдер арасындағы серіктестік пен конструктивті өзара қарым-қатынасты дамытуға үлес қосу. Жиын барысында жоғары оқу орындары, білім беру мекемелері мен оқу орталықтары арасындағы неғұрлым тиімді байланыс тетігін табу, дарынды балалармен және қабілеті жоғары талантты жастармен жұмыс істеу, ата-аналарды балалармен бірлес­кен шығармашылық қарым-қатынасқа тарту мәселелері талқыланды.
Шараға отандық және ресейлік ғалымдар, «Дарын» аймақтық орталықтарының, білім бөлімдерінің, мамандандырылған мектептер мен оқу орталықтарының өкілдері қатысты. Ресейлік ғалымдар жиынға онлайн қосылды. Конференция жұмысына барлығы 200-ден астам делегат атсалысса, соның 70-і – әр аймақтан келген өкілдер.
– «Дарын» орталығы еліміздің әр аймағындағы дарынды, зияткер балаларды қолдау жұмыстарын 23 жыл бойы жүргізіп келеді. Орталығымыздың күшімен мыңдаған мектеп оқушылары аудандық, республикалық, халықаралық деңгейдегі әртүрлі зияткерлік жарыстар мен сайыстарда жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда әлемдік байқаулардан 500-ге тарта оқушы, ең беделді 7 халықаралық олимпиаданың медалін иеленді. Республикада 17 орталығымыз, 134 мамандандырылған мектептеріміз бар. Солардың бірі елордамыздағы «Астана дарыны» орталығы 15 жылдық мерейтойын тойлауда. Әлемдік пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан «Дарын» орталықтары оқу процесін онлайн және аралас форматқа ауыстырып өткізуде. Кез келген нәтиже – әрбір оқушы үшін үлкен жетістік. Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу, оларды айқындау мұғалім қызметінің маңызды аспектілерінің бірі, – деді Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.
Конференция аясында 3 секциялық отырыс өткізілді, білім беру саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың 18-ден астам баяндамасы тыңдалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button