ӘлеуметЖаңалықтар

ДАСТАРҚАН КӨРКІ КЕУДЕСІ КӨМБЕ ҚАРИЯЛАР

Халықаралық қарттар мерекесі қарсаңында Алматы ауданында тұратын зейнеткерлерге «Алтын таға» мейрамханасында арнайы мерекелік дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласы мәслихатының депутаты Сапар Ахметовтің қатысуымен өткен мерекелік шара барысында аудан әкімі Б.Сағын құттықтау сөз сөйледі.

– «Қарты бардың – қазынасы бар». Саялы бәйтерек, данагөй тұл­ға қарттарымыздың өмірі мен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болса, біздің міндетіміз үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый екенін ешқашан естен шығармай, қарттарға құрмет көрсету, – дей келе, аудан басшысы барлық егде жандарды мерекемен құттықтады.

Осындай игілікті шаралар қа­тарында Алматы ауданының «Серуен», «Porta Fortuna» қонақ үй кешені, «Сұңқар, «Зейд», «Ақ бұлақ», «Данияр», «Тойбастар» мейрамханаларында көргендері мен көңілдеріне түйгендері мол, көкірегі қазына 900-ден аса ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және еңбек ардагерлеріне мерекелік дастарқан жайылып, мерекелік сый-сияпаттар тарту етілгенін атап өтуге тиіспіз.

Сонымен қатар, «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Көгал­дандыру құрылысы» АҚ», «Астана Су арнасы» МҚКК, «Астана Өнім» АҚ, «Астана Тазарту» ЖШС ұжымдары ұзақ жыл қызмет атқарған, бүгінде құрметті демалыста жүрген ардагерлерін шақырып, сый-құрметке бөледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button