ЖаңалықтарИмантаразы

ДӘСТҮР МЕН ДІНДІ ДӘРІПТЕГЕН

китап-Ершат

Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының діни уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтың “Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары” атты ғылыми монографиясы оқырмандарға жол тартты.

Бұл еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды. Сонымен қатар, Ислам филосо­фиясындағы ел бірлігі, дәстүрлі дінге жат радикалды ағымдардың таралмауының оңтайлы мәселелері туралы ғылыми ізденіс-зерттеулері ұсынылған.

Ұлттық академиялық кітапханада өткен “Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары” кітабының таныстырылымына дінтанушылар, теологтар және астаналық жамағат қатысты.

Дінтанушылар конгресінің төрағасы, жазушы Ғарифолла Есім жаңа еңбектің теориялық тұрғыдан жоғары бағаланатынына сенімін білдіріп, еліміздегі қазіргі ахуалды әңгімеледі.

Айша ДАМБУЛШАЕВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button