Елорда тынысы

Дәстүрлі дебат басталды

Нұр-Сұлтан қаласында ЖОО мен арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында дәстүрлі дебат турнирінің шымылдығы түрілді. Турнирге арқау болған «Nur-Sultan debate ­cup-2022» жобасы – «Астана жастары» КММ-нің ауқымды жұмысы. Оның мақсаты – жастардың бәсекеге қабілеттілігін, тұлғалық дамуы мен көшбасшылық қасиетін арттыру.

[smartslider3 slider=2501]

«Біздің дебаттар дәстүрлі нұсқада өтеді. Бүгін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратында студенттер арасында 5-жарыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Биылғы додаға елорданың 16 ЖОО мен 35 орта білім беру орындарының білімгері қатысуда. Қатысушылардың қатары жыл сайын артып, олардың пікірсайысқа деген ынтасы оянып, өзін-өзі дамытқысы келетін жастардың көптігі бізді қуантады» дейді «Астана жастары» мекемесінің бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.

Турнирдің тақырыбына екпе алу, «Жаңа Қазақстандағы» жастардың рөлі, әйелдердің зейнетке шығу жасын азайту, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы мен Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы, т. б. дүниелер тұздық болуда. Дебат ойындары ақпан айы мен қараша айына дейін өтіп тұрады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button