Имантаразы

ДӘСТҮРЛІ ДІНІМІЗДІ ДӘРІПТЕДІ

DSC_0981

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобы бірнеше күн бұрын Астана қаласына келіп, дәстүрлі дінімізді дәріптеуге, жат ағымдардың таралуының алдын алуға, ұлт құндылықтарын насихаттауға кірісіп кеткен-ді. Бес күн бойы елорда жұртшылығымен кездесіп, уағыз-насихат жүргізген топ мүшелері жұмыстарын қорытындылады. «Әзірет Сұлтан» мешітінде баспасөз мәслихатын өткізіп, шаруаларының жай-күйін баяндады.

Жиынды топ мүшесі, діни басқарманың бөлім меңгерушісі, теолог Ершат Оңғаров ашып, сөз сөйледі. «Астаналық жамағатпен жүздесуде 24 нысанды қамтыдық. Уағыз-насихатымызды жалпы саны 17 мыңнан аса адам тыңдады. Топ мүшелері ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, дін мен дәстүр сабақтастығына терең мән бергенін айтқым келеді» деді Е.Ағыбайұлы.

Алматы қалалық орталық мешітінің найб-имамы, ақпараттық-насихат тобының бір мүшесі Оралхан Сейдманов мұндай шараның қатарымызды арттыруға, дініміздің қанаты кеңеюіне, ахуалдың тұрақтана түсуіне септігін тигізері сөзсіз екенін әңгімеледі.

Баспасөз мәслихаты барысында жуырда ғана құрылған жергілікті уағыз-насихат тобының жұмыстары да талқыланды. Бұл турасында «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб-имамы Төлеби Оспан хабарлады. «Бас қаладағы игі бастаманы ұйымдастыруға Білім басқармасы мен Дін істері агенттігі қол ұшын созды. Шара аясында бүгінгі дейін қырыққа жуық оқу орнына бас сұғып, 5000-ға жуық тыңдарманға уағыз айттық» деді наиб-имам.

Жиын соңында БАҚ өкілдері топ мүшелеріне сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Асхат Райқұл

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button