Жаңалықтар

Дәстүрлі оқу басталады

Келесі аптадан бастап Қазақстандағы бүкіл оқушылар мектепке барып оқиды. Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды.

[smartslider3 slider=2099]

Аталған комиссияның бұған дейінгі шешімі бойынша биыл 24 қаңтардан бастап 600 оқушыға дейін бала оқитын мектептер офлайн оқуға көшкені белгілі. Ал алты жүзден астам бала оқитын оқу орындарында 1-4-сынып оқушылары үшін 50 пайыз жүктемемен офлайн оқыту мүмкіндігі қарастырылды. Ал 5-11-сыныптар үшін мектеп әкімшіліктері дәстүрлі форматта оқыту туралы ата-аналардың өтінішін ескеру қажеттілігі айтылды. ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов бұған дейін бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын айтқан.

«Осыған байланысты негізгі карантин шаралары алынып тасталды. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету үшін нақты шаралар қабылданды. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқу офлайн режимге ауыстырылады» деді Е.Тоғжанов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button