Жаңалықтар

ДАУ ӨРТКЕ АЙНАЛМАСЫН

Кеше «Ramada Plaza» қонақ үйінде «Әлеуметтік дауларды шешудегі саяси партия жетекшілерінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы мен «Қазақстан жастары Конвенті» жеке қоры ұйымдастырған шараны саясаттанушы Артур Нығметов жүргізді.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Серікбековтің алғысөзінен кейін дөңгелек үстелге келген саяси партия мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өз ойларын ортаға салды.

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы Қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің басшысы Төлеген Абылғазин Шығыс мемлекеттеріндегі жиі-жиі дүрбелең тудыратын оқиғалар сол елдердің саяси партиялары жетекшілерінің әлеуметтік жанжалдарға тиісті деңгейде көңіл бөлмегендерін көрсететіндігін, сондықтан ел партиялары әлеуметтік дауларды алдын алуға үлкен назар аудару керектігін атап өтті.

«Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махамбет Әбжан өздері атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. «Айша» қоғамдық қорының төрайымы Айша Оразбай қордың қызметінен хабар берді. Пікірталас өрбіп, партиялардың жанынан талқылау тақырыбына айналған мәселе бойынша қоғамдық кеңестерді құру тиімді болатыны айтылды.

А.Шмитұлы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button