Руханият

Дауылпаз ақын дабысы

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай «Тәкаппар ұлы дүние! Қазақ деген – мен деймін…» атты онлайн дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Жиынды Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ашып, конференцияның мақсаты мен маңызын атап өтті. Іс-шарада ақынның әдеби мұрасы, шығармашылығының қазіргі рухани жаңғыру үрдісіндегі маңызы талқыланды.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің деканы, доцент Елдос Ерғазыұлы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Роза Төлеуқызы, қасымтанушы Сәуле Қайырбек, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, Қ.Аманжолов пен оның өлеңдеріне жазылған әндерді нотаға түсірген өнертанушы Қайрат Айт­баев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, «Қасым» сериясымен жарық көрген төрт кітаптың құрастырушысы Алмас Мырзахмет, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер баяндама жасады.
Жиында көркем сөздің хас шебері, сырлы сөздің өркен жаюына ерекше әсер еткен ақын Қасым Аманжоловтың қазақ руханиятындағы орны, шығармашылық ерекшелігі, асыл мұрасын қазіргі әдебиеттанудағы жаңа ғылыми ізденістермен сабақтастыру мәселелері тарқатылды. Онлайн-конференцияға модератор болған филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұл Қасым Аманжоловтың әдеби мұрасын сақтауға, оны насихаттауға бағытталған іс-шараларға ерекше тоқталып өтті.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button