БілімЖаңалықтар

Демалыс кестесі бекітілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016-2017 оқу жылына арналған демалыс кестесін бекітті. Оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйек басталады. Дегенмен, жаңа кестеде демалыс күндерінде өзгерістер бар.

02

Бірінші қыркүйекте барлық мектептерде Қазақстан тәуелсіздігіне және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болады. Сондай-ақ, оқу жылының алғашқы күні барлық мектепте патриоттық «Мәңгілік ел» актісінің аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» сабағы өткізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу жылы биыл 32 аптадан тұрады. Ал бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) cынып оқушылары 34 апта оқиды.
Ал енді 1-11 (12) сынып оқушыларының демалыс кестесі былайша құрылады. Биылғы күзгі демалыс – 7 күн, ол 31 қазан мен 7 қарашаға дейінгі аралықты қамтиды. Қысқы демалыс 10 күн болып белгіленген. Ол 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бас­тап 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін созылады. Көктемгі демалыс – 13 күн, яғни, 21 наурыздан 2017 жылдың 2 сәуіріне дейін жалғасады.
Мектепке дейінге мекемелерде бұл демалыс мерзімдері сәйкесінше былайша есептелген. Биылғы күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде), қысқы демалыс – 14 күн (2016 жылдың 26 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін), көктемгі демалыс – 15 күн (2017 жылдың 21 наурызынан 4 сәуірді қоса есептегенде) болады.
Айта кетейік, биыл мектепалды және бірінші сыныптарға тағы қосымша жеті күндік демалыс беріледі. Оның мерзімі 2017 жылдың 1 ақпанынан 7 ақпанға дейін созылады.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button