Қала мен Сала

Демалыс үшін ғана емес, даму үшін де маңызды

Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен, қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Көпешов және «Астана» кәсіби баскетбол клубының директоры Самсон Аракелян шаһардағы бірқатар қоғамдық кеңістікті аралап шықты.

[smartslider3 slider=3222]

Алдымен олар Ұстаздар алаңына барды. Алаңда жақында Монтессори педагогикалық жүйесі негізінде балаларды дамытатын ойын алаңы пайда болды. Ал Ақбұлақ жағалауында дала фитнес-залы салынып, тренажерлер орнатылды. Қазір осы жерде қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы абаттандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл жоба аяқталуға жақын қалды.

Қаланың колизейі, Триатлон саябағы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы көпірлердің астында баскетбол ойнауға жағдай жасалды. Сондай-ақ осы спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беретін қоғамдық кеңістік «Өндіріс» тұрғын алабында салынды.

Е.Базыкен, Н.Көпешов, ­С.Аракелян «Өндірісте» баскетбол ойнап жүрген ­балаларды әңгімеге тартты. Жарыстарды, қызықты ойындарды ұйымдастыру керек деген шешімге келді. «Астана» баскетбол клубының директоры баскетболды қала орталығында ғана емес, тұрғын алаптарда да дамытуға атсалысатынын айтты.

«Соңғы үш жылда елордада спортпен айналысу үшін біраз жағдай жасалды. Бірақ балалардың шеберлігін шыңдау үшін жиі жарыс өткізіп тұру керек. Жалпы дала спорты дамытуды қажет етеді» деді Е.Базыкен.

Қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Көпешов балалардың шығармашылық дамуын да ұмытпау керек деп есептейді. Өткен жылы ол «Өндіріс» тұрғын алабындағы тұрғын үйлердің бірінде «Күш білекте емес, жүректе» атты муралдың салынуына жағдай жасады. Тиісті жұмыс­ты жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button