#Жаңа Қазақстан

Демократияландыру жолындағы батыл қадам

Республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформа биліктің заң шығарушы тармағының қайта бір серпілуіне алып келді, ал Мәжілістің таратылуы – Президент тарапынан қисынды қадам.

Бұл шешім – сайлау процесін демократияландыру жолындағы батыл қадам және биліктің негізгі заң шығарушы органын қалыптастыру процесінде елдің барлық аймағынан келген сайлаушылардың пікірін ескеру. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарын 50-ден 50-ге дейінгі арақатынаста қалыптастыру – елімізде 2016 жылға дейінгі форматқа ішінара оралу. Тиісінше, қоғамның жергілікті өкілді органдарға депутаттарды сайлауда жеткілікті тәжірибесі бар.

Президент, менің ойымша, шынымен де, қоғамды шоғырландыру жолында қадамдар жасауда. Бұл өзгерістер – сайлауға қатысқысы келетіндер үшін де, сайлаушылар үшін де еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі жаңғыртуда азаматтық жауапкершілік пен саяси жетілуді көрсету мүмкіндігі.

Мен өз кезегінде азаматтарымызды Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауға қатысуға және азаматтық ұстаным танытуға шақырғым келеді. Ал тізімде олар таңдайтын кандидатты таппағандар үшін бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген баған бар және бұл да әркімнің өз таңдауы. Бұл ретте әр сайлаушының пікірі маңызды деп санаймын, өйткені біздің қоғамның плюрализмдегі бірегейлігі және басқалардың пікірін құрметтеуі – өзара түсіністік пен бірлік өркендеген ұлт пен мемлекеттің негізі.

Дәулеткерей РАХМЕТУЛИН,

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының директоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button