#Жаңа Қазақстан

Демократиялы қоғамның басты белгісі – сайлау.

Азаматтық парызды өтеп, таңдау жасау – әр азаматтың міндеті. Сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын бергендердің бірі – «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының төрағасы Ботагөз Сұлтанова.
– Мен елордадағы №64 мектеп-лицейінде орналасқан №45 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Сайлаушылардың саны көп, барлығының көңіл-күйі жақсы. Келушілердің өз дауыстарын беруге асыққанын байқадым. Сайлауға бүкіл қоғам болып ұйысқан дұрыс деп санаймын. Себебі мемлекет болашағының дамуында әр азаматтың қосар үлесі орасан. Әсіресе 18-ге толып, алғаш рет дауыс беріп жатқан жастардың дауысы маңызды. Болашақ сол жастардың, бізден кейінгі ұрпақтың қолында. Бала – болашағымыз дейміз ғой. Бақытты бала – бақытты болашақ. Демократиялы мемлекетте әр азамат бақытты болуға лайық деп білемін, – деді Б.Сұлтанова.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button