Референдум - 2022

Демократияның маңызды институты

Референдум – тікелей демократияның маңызды институты. Мемлекет үшін және әрбір жеке азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуының бір тәсілі. «Жаңа Қазақ­стан» құрғымыз келсе, бізге өзгеріс қажет және бұл – соны енгізудің ең оңтайлы әрі заңды жолы. Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы билік пен қоғам арасында жаңа форматтағы ­қарым-қатынас қалыптастыра аламыз.

[smartslider3 slider=3137]

5 маусымда өтетін референдумда заңның 33 бабына өзгеріс енгізу жоспарланып отыр, яғни Конституция баптарының үштен бірі өзгереді. Қазақстанның суперпрезиденттік басқару нысанынан Парламентті күшейтуге көшуі, Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салуы, Қазақстан халқына жерді және оның жер қойнауын бекітіп беруі, азаматтардың өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі, т. с. с. мәселелер қамтылады.

Осы тарихи кезеңде белсенділік таныту ескі модельдерден бас тартып, ашық, транспарентті Қазақстан құру бағытында үлкен қадам болмақ.

 Ерлан ДӘКЕНОВ, Нұр-Сұлтан қаласы ­мәслихатының депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button