Жаңалықтар

Дені саудың – жаны сау

Адам баласы үшін денсаулық – баға жетпес асыл қазына. Елордадағы «MEGA Silk Way» орталығында «Біз денсаулықты қолдаймыз!» атты жиын өтті.

Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары терапевт, педиатр секілді түрлі дәрігерлерден денсаулығына қатысты кеңес алды. Бұған қоса, қан қысымы, оның құрамындағы қант көрсеткіші, холестерин деңгейі тексерілді. Сол сияқты флюорографиядан өткісі келген жандар үшін флюорокөлік қызметі арқылы тегін көмек көрсетілді.
Ал жедел жәрдем мамандары адам өмі­ріне қауіп төн­генде алғашқы кө­мек қалай көрсе­тілетіні туралы шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара кон­церттік бағдарла­мамен, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын­дағы викториналармен жалғасты. Ал белсенді қатысушыларға түрлі сыйлық­тар тарту етілді.
Сауықтыру шарасын елордалық Қо­ғамдық денсаулық сақтау басқармасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Денсау­лық сақтау министр­лігінің МӘМС бо­йынша жобалық ке­ңсесімен бірлесе отырып өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button