Жаңалықтар

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Жыл сайын «Астанаэнергосервис» АҚ ұйымдастыруымен коммуналдық шаруашылық қызметкерлері арасында ашық Спартакиада тұрақты өтіп тұрады.

1474604778_slayd1

Биылғы жылы ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына ар­налған сайысқа «Астанаэнергосервис», «Астана-Теплотранзит», «Астана-Энергия», «Астана-РЭК» акционерлік қоғамдары мен «Астанастройэнерго», «Астана қалалық жарық» ЖШС және «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны атынан 7 команда қатысып отыр. Команда мүшелері волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, бильярд сияқты спорт түрлерінен бәсекелесіп, сонымен бірге қысқы балық аулаумен де жарысқа түспек. Спартакиада 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Астана қаласы мәслихат депутаты Ер­кеғали Есенжолов спорт шарасын өткізу бойынша ұйым­дастыру комитетінің төрағасы болып табылады. Жастар арасындағы спорт жарысы биылғы қыркүйекте №25 сайлау округі бойынша да 12 мектеп оқушыларының қатысуымен өткен еді. Жарыс мәслихат депутатының сайлау округі болып табылатын «Интернациональный» тұрғын алабындағы №44 мектепте өтті. Жарыс қорытындысында жеңімпаз өрендерге 9 кубок пен 40 медаль және 40 алғыс хаттар табыс етілді.
Осы округтің тұрғындары арасында да үстел теннисінен өткен турнирге 12 ардагер қа­тысып, бірінші орынды ерлер арасында Т.Маденов алса, әйелдер арасынан М.Қара­­көзова жеңіп шықты. Жеңім­паздарға бағалы сый­лықтар бе­ріліп, ең бас­тысы, салауатты өмір салтын насихаттауға ат­салысқан аза­маттарға депутат өз атынан алғыс білдірді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button