SportЖаңалықтар

ДЕНИС ТЕН – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Францияда өтіп жатқан Гран-Приде Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен күміс медаль иеленді.

isu-four-continents-figure-skating-championships-tzut3amkcpfl

Қазақстандық тұғырға екінші болып 296,26 ұпаймен көтерілді. Оның 89,21 ұпайын қысқа бағдарламада, қалған 180,05 ұпайын еркін бағдарламада жинады.
Алтын алған испаниялық Хавьер Эрнандестің еншісінде – 285,38 ұпай. Ал қолаға АҚШ спортшысы Адам Риппон 267,53 көрсеткішімен қол жеткізді.
– Жылы сөзімен дем беріп, құттықтаған баршаңызға рахмет. Мен бүгін мұз олимпіне оралу үшін алғашқы қадам жасадым. Бұл – менің жігерлі, еңбекқор, бабыма келуім үшін барын салған командамның еңбегі. Енді бағытым айқын болғандықтан, жақсы жаңа­лықтарыммен қауышуға тырысамын, – деп Денис Тен өзінің Инстаграмдағы парақшасында қолдаушыларына алғыс жаудырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button