Sport

Денис Тен – жыл спортшысы

Денис-Тен-Казахстан-бронзовый-призер-мужского-одиночного-фигурного-катания

Кеше ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің алқа мәжілісінде 2013 жылдың қорытындысы бойынша мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенге «Жыл спортшысы» атағы берілді.

Спортшыны ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова марапаттап, бағалы сыйлық пен алғыс хат тапсырды.

Денис былтырғы жылдың ақпанында Канаданың Лондон қаласында өткен әлем біріншілігінде жұртшылықты өз өнерімен тәнті етіп, күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Сондай-ақ, ол соңғы ақ ойындарда мәнерлеп сырғанаудың жекелей сынында қысқа және еркін бағдарламалардың нәтижесінде 255.10 ұпай жинап, үздік үштіктен орын алған болатын. Соның нәтижесінде, Қазақстан олимпиадашылары жалпы командалық есепте 26 орынға тұрақтады.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button