Жаңалықтар

Денсаулық фестивалі

Дәстүрлі денсаулық фестивалі аясында жақында Астанадағы №1 қалалық ауруханада «Денсаулығым керемет – жаттығуға көп рахмет!» атты шара ұйымдастырылды.

Аталмыш емдеу мекемесінің дә­рі­­герлері қала тұрғындарын бел­сен­ділікке, салауат­ты өмір сал­тын қалып­­тас­­ты­руға ша­қырған бола­­тын. Осындай алдын ала жүргізіл­ген жұ­мыс­тың нәти­жесінде шараға 200-ге жуық адам жиналды. Олар бүгін­гі таңда пай­далы әрі заман тала­­бына сай жаңа спорт­тық жатты­­­ғу­ларды орындап, бой­ларын шы­нық­­­ты­ру­мен бірге бір сәт көңіл-күй­­­ле­­рін де көте­руге мүм­кіндік алды.

Аурухананың тамырлы хирур­гия бөлі­мінің дәрігері Ермек Нығ­мет мұн­дай ша­­ралардың тек нау­қас­тарға ғана емес, ме­дицина қызмет­кер­­лері үшін де пай­далы еке­нін еске­ре отырып, алдағы уа­қыт­та осын­дай фести­валь­­дерді жиі өт­кі­зіп тұ­руға тырысатындық­тарын жеткізді.

Шара барысында салауатты өмір сал­тын қалыптастыру ережелерін білу үшін тренингтер, спорттық жарыстар ұйым­дастырылды. Сондай-ақ, тұрғын­дар денсаулықты жақсар­ту, тамақтану мәдениеті туралы тегін кеңес алды.

Фестивальдің екінші кезеңінде көп­шілік назарына «Салауатты өмір салты» атты көрме ұсыныл­ды. Бұл жерде «Цес­на Астық» кон­церні Астана қала­сының гигие­на және тамақтану орта­лығы, «Ден­саулық» журналы мен «BioFoоd» денсаулыққа пайдалы та­ғам­дар дүке­нінің өкілде­рі жинал­ған­дарға дұрыс тамақта­нудың жолдарын әңгімеледі.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button