Жаңалықтар

Депозит таңдаймыз

Салымдар банкирлермен және тәуелсіз сарапшылармен табыс алудың ең сенімді жолы ретінде көрсетіледі. Бірақ, ең лайықты депозитті қалай таңдауға болады? Бұның жасырын кедергілері неде, және де ең бастысы оларды қалай жоюға болады? Осы сұрақтарға жауап алу үшін оларды сарапшыларға қойдық.

Артық Сейітқалиева, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының президенті:

«Депозит» сөзінің анықтамасымен ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» заңында да, ҚР Азаматтық кодексінде де танысуға болады.

Жалпы, банк салымының шарты — консесуалды емес, шынайы шарт. Мұндай шарт банкке ақшаны табыстаған сәттен басталады. Банк салымының шарты — ақылы шарт, өйткені, банк кез келген жағдайда салымшыға па-йыздарды төлеуге міндетті болады. Банк салымының шарты салымшының бастамасымен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда да, банк оған пайыздарды төлеуден бас тартуға және бұдан әрі клиент салған ақшаның көлемін азайтып, одан тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға құқылы болмайды.

Банк депозиті – ақша жинауға және оны сақтап қою үшін өте ыңғайлы құрал, және де егер сіз оны пайдаланғыңыз келсе, төмендегілерді білгеніңіз жөн болар:

1. Банктерді таңдағанда, салымның тиімділігіне қарауға немесе өзін нарықта жақсы жағынан көрсеткен банкті таңдаңыз.
2. Егер сіз депозитке 5 миллион теңгеден төмен соманы салатын болсаңыз, сізге жоғары пайызды ұсынатын банкті таңдау тиімді болады. Қазақстанда Салымдарға кепілік беру қоры бар, бұл банк банкрот болған жағдайда аталған соманы қайтаруға міндетті болады дегенді білдіреді.
3. Есте сақтаңыз, банк кез келген жағдайда салым сомасын салымшыға қайтаруға міндетті болады, және оны айыппұл шараларын қолдану арқылы азайта алмайды. Азаматтың салымды бірінші талабы бойынша алу құқығынан бас тартуы туралы шарттың талаптары да түкке тұрмайтын болып табылады.
4. Жарнамаға толық сенбеңіз, өйткені, сіз ондағы қаржы терминдерін әрқашан ұға қоймайсыз.
5. Шартты мұқият оқу керек, шартқа қол қойған сәтте клиент нақты бір банкпен қатынас құратын болады да, оның шарттарымен келіседі. Бір нәрсені түсінбей қалсаңыз, банк қызметкеріне сұрақ қойыңыз.
6. Толтыру, пайыздарды жоғалтпай , ақшаны шоттан ішінара алу мүмкіндігін, капиталдандыруды, салым валютасын анықтаңыз».

Гүлчира Кенжебаева, Банк Хоум Кредит Өнімдерді әзірлеу басқармасының менеджері:

«Ең лайықты депозитті таңдаған кезде, банкпен ұсынылатын шарттарға назар аударыңыз. Сол кезде, банк бөлімшесіне кем дегенде қоңырау шалу керек, ал ең жақсысы онда барып, кеңес алу керек. Тек сонда ғана сіз жан-жақты ақпарат аласыз. Бұған қоса банк кеңесшісінен төмендегілерді анықтаңыз:

– сіз ақшаны ішінара алып отырсаңыз немесе депозитті толтырғанда пайыздық мөлшерлеме қалай өзгереді?
– банкте ақшаны алғанда қандай комиссиялар бар және айыппұлдар/тұрақсыздық төлемдері қарастырыла ма?
– салым бойынша басқа қалада қызмет көрсету мүмкіндіктері бар ма?

Қазақстандықтар сенетін бірнеше жалған лақап бар. Осылайша, қазақстандықтардың көбі валютамен жасалатын салымдар сенімді әрі тиімді деп ойлайды. Алайда, бұл олай емес. Теңгемен жасалатын салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелер кез келген шетел валютасындағы салымдарға қарағанда жоғары болады. Сонымен қатар салымдар мерзімдік деп аталғаны тектен тек емес – олар белгілі бір мерзімге ашылады да, салым мерзімі аяқталған сәтте сіз таңдаған валютаның теңгеге деген бағамы ашылған сәттегі бағамға қарағанда, өзгеріле алады, бұл сізге пайда әкелмеуі де мүмкін. Салымның жалпы қағидасы – оны кейін жұмсағыңыз келетін валютада ашу керек. Мысалы, егер сіз шетелге сапар шегу үшін ақша жинасаңыз, валюталық салым ашуыңызға болады.
Мерзімге қатысты да адамды шатастыратын мән-жайлар бар. Бір жағынан мерзім неғұрлым ұзақ болса, мөлшерлеме соғұрлым жоғары болады. Осыған орай, біз салымды ең ұзақ мерзімге ашамыз. Алайда, алдын ала ескерілмеген жағдай туындап, сіз салымды мерзімінен бұрын жабуға мәжбүр болсаңыз, ақшаңызды жоғалтпайсыз, бірақ та күткен кірісті де ала алмайсыз. Неге? Өйткені, салымды ашқанда, сіз банкпен шарт жасайсыз – ол сізге өз ақшаңызды белгілі бір мерзімге оның пайдалануына бергеніңіз үшін пайыздар төлейді. Ақшаңызды мерзімінен бұрын алғанда, сіз шарттың талаптарын орындамайтын боласыз, сондықтан банк сізге барлық келіскен пайыздар сомасын төлей алмайды. Бұл жағдайда пайыздар мерзімінен бұрын бұзу мөлшерлемесі бойынша есептелінеді, көптеген банктерде ол негізгі мөлшерлемеден айтарлықтай төмен болады.

Бұның жақсы бір амалы бар – мерзімінен бұрын жапқанда да пайыздық мөлшерлемесі төмендемейтін салымды ашу. Бұндай ұсыныстар аз, және біздің банк – сондайды ұсынатын аздың бірі. Банк Хоум Кредитте ақшаны қандай болсын мерзімде сақтағаныңыз үшін, тіпті, бір айдан кейін немесе бір аптадан кейін алғыңыз келсе де, жылдық 9,4% мөлшерлемесімен аласыз.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button