Ел тынысы

Депутаттар қолына күрек алды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астанада жалпықалалық сенбілік өтуде. Елордадағы Ботаникалық бақта мәслихаттың ағымдағы және өткен шақырылым депутаттарының қолымен отырғызылған жаңа ағаштар пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.

«Жасыл аймақ» жо­ба­сының аясында ағым­дағы аптада көшеттер отырғызу, ағаштардың түбін тазалап әктеу, т.б. жұмыстар атқарылуда.

Бүгін ел бойынша жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. «Жасыл аймақтың» үшінші апталығы ағаш отырғызу мен әктеуге арналды. Биыл елордада 1 миллион 100 мың жасыл желектің отырғызылатынына қуа­ныштымын. Оның 900 мыңы қала ішінде қалған 200 мыңы жасыл белдеуде егіледі, – деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Бүгінгі сенбілікке бұрынғы шақырылымдағы мәслихат депутаттары болған азаматтар да қатысты.

Астана мәслихатының 30 жылдығына арналған тамаша шараға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл күні біздер, барлық шақырылымдардың депутаттары бас қосып, ауқымды сенбілікке қатысып жатырмыз. Соңғы 30 жылда Астана өзгеріп, қазір көріп отырғанымыз­дай керемет қалаға айналды, – деді 2002-2003 жылдардағы Астана қаласы мәслихатының хатшысы Вера Лукьянец.

Айта кетейік, сенбілік Астана қаласы мәслихатының 30 жылдығына орайластырып өткізілді.

Бүгін атаулы күні сенбілікке жиналып, ағаш көшеттерін отырғыздық. Елордада біз туралы жақсы естеліктер қалғанын қалаймыз. Астана – біздің туған қаламыз, әрбір тұрғын қаланың жасыл желекке толы болуына атсалысу керек, – деп бөлісті елорда мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты Асқар Смағұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер жолдарын, арық кәріз желілерін санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын, орамішілік аумақтарды, қоғамдық орындарды ретке келтіру жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button