#Күшіміз-бірлікте

Дер кезінде дұрыс шешім қабылдады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміз үшін қиын кезеңде Мемлекет басшысының барлық шешімі дұрыс әрі уақытылы қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

[smartslider3 slider=1733]

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бір минут үнсіз­дікпен басталған Палата бюросы отырысында Қазақстандағы жағдай туралы, сондай-ақ ел Президенті қабылдаған шаралар туралы айтты. Болған оқиғалар туралы айтып, осы қиын-қыстау кезеңде бәріне жауапкершілік таныту, бүкіл халықтың бірлігі мен тұтастығын сақтау маңызды екенін мәлімдеді.

«Бүгін ел тағдыры, мемлекеттің тұтастығы, қауіпсіздігі, Қазақстан тәуелсіздігін сақтау туралы сөз болғанда, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дұрыс және уақытылы шешім қабылдағанын көреміз. Сондықтан Парламент Мәжілісі алғашқы күннен бастап Мемлекет басшысының батыл қадамдары мен күш-жігерін қолдап қана қоймай, ел Президентінің барлық тапсырмасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге кірісті» деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, Жаңаөзенде және Ақтауда болған оқиғалар басталған алғашқы күннен бастап Палата депутаттары халықпен сөйлесті. Кеңес құрып, өзара тиімді шешім іздеп, үкіметтік комиссиямен бірге жұмыс істеді.

«Осы аралықта Мемлекет басшысының өз халқымен диалогты қолдағанын көріп отырмыз» деді Нұрлан Нығматулин. Мәжіліс төрағасы депутаттар елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысқа белсенді түрде қатысу керек екенін айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button