Жаңалықтар

Дерт 16 есе азайды

Қазақстанда соңғы төрт айда коронавирус инфекциясы 16 есе азайды. Тамыз айындағы аптасына 56120 жағдайдан желтоқсан айында аптасына 3524 жағдайға дейін түскен. Репродуктивті көрсеткіш 0,90-ды құрап, тамыз айы­мен салыстырғанда 1,2 есеге төмендегені байқалады.

[smartslider3 slider=1618]

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Осы ретте инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 19 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда 9 млн-нан астам адам бірінші компонентпен егілді: бұл – ересек тұрғындардың 80 пайызы, 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек тұрғындардың 75 пайызы – екінші компонент. Жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен егу жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда бірінші компонентпен 235117 адам вакцинацияланды, оның ішінде 187315 жасөспірім және 47786 жүкті және бала емізетін әйелдер. Екінші дозасымен 66017 адам егілген. Сонымен қатар ревакцинацияны еліміздің 303 мың азаматы алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button