Жаңалықтар

Дерт дес бермей тұр

Қаңтар айының басынан бері елордада 72 мыңнан астам адам індет жұқтырған.

[smartslider3 slider=1751]

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың мәліметінше, елордада тәулігіне 2852 адамнан COVID-19 анықталған. Қаңтар айының алғашқы күнінен 27-сіне дейін 72017 ауру тіркелді, бұл – ел бойынша тіркелген жағдайдың 44,6 пайызы. COVID-19 барлық жағдайда адам денсаулығына, әсіресе вакцинациядан өтпеген адамдарға ұзақ уақыт кері әсер ететінін ескерген жөн.

«Коронавирус инфекциясы – өте қауіпті ауру. Постковид синдромы үш айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар COVID-19-дың жеңіл түрімен ауыратын науқастардың да иммунитеті қатты зардап шегеді. «Омикрон» «Дельтаға» қарағанда жеті есе жұқпалы екенін ескерсек, халықтың едәуір үлкен тобында ­иммунитет нашарлайтынын білу керек» делінген елорданың санитарлық дәрігерінің хабарламасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button