Жаңалықтар

ДЕРТКЕ ШИПА ДАРУДА

Елорда әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының тубер­кулезге қарсы қызметін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында осы дертке қатысты эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ауру деңгейі балалар арасында 54,6%-ға, ал жасөспірімдер арасында 51,9%-ға төмендеп, олардың осы дерттен көз жұму деректері тіркелген жоқ.
Туберкулездің алдын алу үшін балаларға «манту» сынамасын қою арқылы ұдайы тексеру жүргізіледі. Сынама қорытындысы оң болған ретте балалар фтизиатрға кеңес алу үшін жіберіледі. Оң сынаманың сипатын анықтау үшін фтизиатр баланы тексеруден өткізіп, қажет жағдайда профилактикалық емдеу шараларын қолданады.
2014 жылдың қарашасынан бастап Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде «манту» сынамасының нәти­жесі оң болып, қажетті емдеу шараларын өткізу қажеттелігі туындаған жағдайда жаңа «Диаскинтест» әдісін қолдану тәжірибеге енгізілді.
Осы тест енгізілген кезден бастап 6317 бала тексеруден өтіп, олардың 5423 (86%) «манту» сынамасы теріс болып шықты. Ал, 724 балада (11,5%) сынама оң нәтиже көрсетті.
Мұндай шаралардың барлығы балалар мен жасөспірімдер арасында осы дертпен ауру деңгейін айтарлықтай төмендетуге үлкен септігін тигізеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button