Денсаулық

ДЕРТТЕН САҚТАНУ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде  бүкіләлемдік ЖИТС (СПИД) құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Осы күні иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау, ауруды емдеу және алдын алу шаралары кеңінен жүргізіледі.

Астана қаласының ЖИТС орталығы мамандары Менеджмент және бизнес колледжнде ЖИТС орталығы мамандары, «Тілектестік белгісі» тақырыбы аясында арнайы акция өткізді.

ЖИТС-тың  алдын алу және оған қарсы күрес орталығының  эпидемиолог-дәрігері Дана Бексұлтанова адамның иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) бүгінгі күні тек қана медицина қызметкерлерін ғана емес,  бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша,  қалада  былтырғы жылдың төрт айында аталмыш індеттің инфекциясына 10 адам шалдықса, биыл 17 адам осы дерттің тұзағына түскен. Бүгінгі күнге дейін Астанада барлығы  903 адамда АИТВ анықталып отыр.  Соның 41 пайызы – 15-49 жас аралығындағылар болса, 35 пайызы – 20-39 жастағылар. Бұдан кейін жастар көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Шара барысында барлық қатысушылар арасында түрлі ойындар  ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үйлестірілді. Сондай-ақ аталмыш мекемелерде жастарға аурудан сақтану жолдары туралы қысқаша жазылған ақпаратттық парақшалар таратылды. Мамандар кез келген қазақстан азаматы орталыққа келіп, ВИЧ-инфекциясына қан тапсырып, 15 минуттың ішінде нәтижесін біле алатынынан да хабардар етті. Бұл сараптама бәріне де тегін жасалатынын атап өткіміз келеді.

Бақытгүл СӘЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button