Қоғам

Деструктивті ағымдардың әсері түсіндірілді

Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

«Іс-шараның мақсаты – елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қаупі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен таныстыру», – деді «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Мәди Төлбасы.

Акция аясында елорда тұрғындарына дінге қатысты сенімді дереккөздер, деструктивті діни ағымдардың қаупі, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі, дін саласындағы заңнама және басқа өзекті мәселелерді қамтитын 2 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылып, бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шарада қатысушыларға ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Қазақстан тарихы, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін және деструктивті діни ағымның алдын алуға бағытталған викторина өткізілді. Ал балалар ел, білім, отбасы және т.б. тақырыптарда мақал-мәтел айтудан жарысты.

«Көктал» ойын-сауық сауда орталығына сауда жасауға келген болатынмын. Бұл жерде акция болып жатқанын көріп, оған қатыстым және сұраққа дұрыс жауап беріп, сыйлыққа ие болдым. Ұйымдастырушыларға рақмет», – деді шараға қатысқан қала тұрғыны Бағжан есімді азамат.

Сайыс жеңімпаздары мен акцияға қатысқан еріктілерге қоғамдық қордың атынан алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button