Sport

Дэвис кубогы: Мадридке жол ашылды

Дэвис Кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Португалиядан 3:1 есебімен басым түсті.

Астанада өткен тартысты кездесудің алғашқы жұбы Александр Бублик пен Жоао Соуза болды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы өз қарсыласын 6:7(1), 6:4, 6:4 есебімен жеңіп командасын алға шығарды. Одан кейін команда көшбасшысы Михаил Кукушкин Педро Соузаны шақ келтірмеді: 6:2, 6:0.
Ал үшінші матчта теннисшілер жұптасып сынға түсті. Бұл додада Тимур Хабибулин мен Александр Недовесов бірігіп Гаштао Элиаш пен Жоао Соуза жұбын жеңе алмады. Есеп – 6:3, 3:6, 4:6.
Сөйтіп есеп айырмасы қысқарған кездесудің тағдыры Михаил Кукушкин мен Жоао Соузаның ойынында шешілді. Кукушкин АТР рейтінгінде 55-орында болса, португал – 39-орында. Шешуші матчта Кукушкин қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен ұтып, командасына жеңіс сыйлады. Жалпы командалық есеп – 3:1.


Егер Жоау Соза жеңіске жеткен жағдайда онда тағы бір матч өткізуге тура келетін еді. Оған Александр Бублик пен Педро Соуза дайын тұрған. Бірақ оған жеткізбей, Қазақстан Дэвис Кубогының финалдық кезеңге жолдама алды. Ол 18-24 қараша күні Мадридте өтеді.Қазір қорытынды кезеңде АҚШ, Франция, Хорватия, Испания, Аргентина және Ұлыбритания ойнайтыны анық.
Команда капитаны Михаил Кукушкин ойыннан соң «Мұндай Дэвис Кубогы сияқты жарыстар біздің елде өтіп келе жатқанына 12 жылдай болды. Бұл тенниспен айналысатын балалардың, әуесқойлардың дамуына серпін береді. Біз финалдық кезеңге өткенімізге, Мадридте ойнайтынымызға өте қуаныштымыз. Көрермендер де тартысты ойын тамашалап, айызы қанды деп ойлаймын. Мұнымен біз тағы да біраз жылдан бері элитаның қатарында екенімізді дәлелдедік» деп ойын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button