БілімЖаңалықтар

«ДИДАРЛЫ ЖАЗ» ДУМАНЫ

дид2

Жыл бойы оқудан шаршаған балалар бүгінде алаңсыз балалық шақтың қызық думанына кірісіп кеткен. Олардың жазғы демалысының қызықты өтуіне қалалық Білім басқармасы бас болып, аула клубтары қолдау білдіріп, барлық мүмкіндікті жасауда.

Әдеттегідей 2 шілде күні «Дидарлы жаз» ойын алаңының есігі оқушылар үшін айқара ашылады. Биыл ол жерде 4000-ға жуық оқушы тегін демалады. Демалыс орны жаз айында үш ауысыммен жұмыс істейді. Алаңда түрлі сауықтыру шараларымен қатар, балалардың білімін шыңдау да басты назарда. Мұндағы спорттық сайыстар мен өнер бәсекесі демалыстың көркін қыздыра түсетіні анық. Жобаның ұйымдастырушысы – «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкері Ғалия Ысқақованың айтуынша, алаң осыдан бес жыл бұрын ашылған. Жылдан-жылға орталықтағы оқушылардың саны артып келеді екен. Мысалы, алғашқы жылдарда 1000-нан аса бала болса, қазір олардың саны 3000-нан асып кеткен. Демалыс орнында баланы ойнатып, сергітуге құрылған бірнеше сайыс өткізіледі. Мәселен, ала жаздай үш ауысымда да өткізілетін «Қаланың ішіндегі қала» және «Халық добы» жарыстарына жалпы білім беретін мектептердің 5, 6, 7-сынып оқушылары ынта қоя қатысады. Ауқымды сайыстың жеңімпаздары жаз соңында, яғни, мұғалімдердің тамыз кеңесінің қарсаңында өтетін «Жұлдызды шашу» салтанатында естелік сыйлықтармен марапатталады.

«Мұндағы балалар зерікпейді. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындары балаларды бір жағы салауатты өмір салтына үйретеді әрі демалыс орнында жаңа таныс­тар тауып, уақытын қызықты өткізеді» дейді Ғалия Ысқақова.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button